27 маусым
2025 жылғы мамыр айының сатылым қорытындысы бойынша қытайлық жеңіл автокөлік сегментіндегі 18% нарық үлесі Changan брендіне тиесілі болды.
Қазақстан автокөлік одағының (ҚАО) статистикасына сәйкес, 2025 жылдың мамыр айында «Астана Моторс» құрамындағы Changan дистрибуциясының сатылымы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Осылайша, ел ішінде мамыр айында сатылған әрбір бесінші қытай көлігі Changan брендінен болып отыр.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Changan ресми дилерлері 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3847 жеңіл автокөлік сатып, 4,1% өсімге қол жеткізді.
Қазақстандық ресми дилерлер ұсынған Changan CS55 Plus көлігі (864 дана) тек қана 2025 жылдың мамыр айында ғана емес, сондай-ақ елдегі ресми статистика тарихында ең көп сатылған модель болып отыр. Осылайша, Changan қытайлық жеңіл көліктер сегментінде Қазақстандағы сатылым бойынша тарихи рекорд орнатты.
Брендтің қарқынды дамуының негізгі факторы дистрибуция басшылығының өзгеруі мен жаңа бизнес стратегиясын іске асыруға байланысты болды.
2025 жылдың 4 наурызынан бастап «Астана Моторс» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Денис Коломацкий Қазақстандағы Changan дистрибуциясына басшылыққа келді.
Changan брендінің Қазақстандағы үлесінің айтарлықтай артуы жаңа стратегияның тиімділігін көрсетеді. Дистрибьютор бизнес-процестерді оңтайландырды, дилерлік маржаны өсірді және KPI енгізді, өнім қатарын кеңейтті, дилерлік орталықтағы қызметкерлердің біліктілігін арттырып, ынталандыру жүйесін енгізді.
Денис Коломацкий, Қазақстандағы Changan директоры: «Changan тартымдылығы бойынша №1. Брендтің көліктері озық технологиялы жабдықтармен, футуристік дизайнымен ерекшеленеді. Бұған тағы сатылымның таза заңды жолдары мен сенімді кепілдікті қосыңыз. Біздің клиенттеріміз автокөліктің ресурстары мен ресми дилерлердің артықшылықтарын бағалайды. Бұл - бізге берілген бағаның басты критериі. Бір сөзбен, қазақстандықтардарға бізге сенім артады, ал біз сәйкесінше міндетті түрде автокөлікке, оның қосымша бөлшектеріне және қызмет көрсету сапасына жауапкершілік аламыз. Осылайша Changan автокөліктері көпшілікке қолжетімді болу үшін біз арнайы бағдарламалар бойынша автокөліктерді сатып алуға қолайлы жағдайлар жасадық».
Болашақта дистрибьютор дилерлік желіні дамытуды жалғастыра береді. Компанияның жақын арадағы жоспарына сай 2025 жылдың соңына дейін Қазақстандағы дилерлік орталықтар санын 30-ға дейін жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда еліміздің 14 қаласында 21 дилерлік орталық пен шоурум бар.
Қазақстандағы дистрибьютордың жетістіктері 2025 жылдың сәуір айында брендтің бас кеңсесі орналасқан Чунцин қаласында (ҚХР) атап өтілді. Дүниежүзілік дилерлік конференцияда Changan Kazakhstan шетел нарығында тиімді бизнес жүргізу мен алдағы даму потенциалының жоғары көрсеткіштері үшін Key Product Contribution және Award Localization Award номинациялары бойынша үздік деп танылды.