RU / KK

Changan бренді автокөліктерінің ресми дистрибьюторы – Silkway Auto Kazakhstan компаниясы Шанхайдағы жаһандық дилерлер конференциясында Best Growth Awards номинациясы бойынша жеңіп шықты.

Silkway Auto Kazakhstan ("Астана Моторс" құрамында) Қазақстанда SUV сыныбындағы Changan бестселлерлерін және технологиялық флагман – Changan UNI-K автокөлігін ұсынады.
Дистрибьюторлар марапатқа сатылымдардың өсуі және дилерлік желінің қарқынды дамуы үшін ие болды.

Changan Auto дилерлер конференциясын Shanghai International Automotive Industry Exhibition халықаралық автокөлік көрмесіне орайластырған, бұл жергілікті нарықтардың өкілдерін бейресми ортада компанияның жаңа өнімдерімен де, әлемдік автоөнеркәсіптің актуалды ағымдарымен де таныстыру мақсатында жасалды.

Шанхай автосалонында басты назар «жаңа энергияға» – гибридтерге, электркарларға және сутегі отын элементтерімен жүретін автокөліктерге шоғырланды.

Компания Silkway Auto Kazakhstan получила награду в Шанхае

Changan Auto жаңа электрлендірілген модельдер желісін, соның ішінде S7, SL03, UNI-V iDD, UNI-K iDD, Z6 iDD және Lumin модельдерін көрсетті. Сонымен бірге әлемдік сыныпты автокөлік брендінің негізінде жатқан үлкен техникалық және новаторлық әлеуетті көрсететін VIIA және SDA концептерінің архитектурасы таныстырылды.

2023 жылға Changan Auto «Барлық салаларда жетілу және әлемдегі қатысу үлесін кеңейту» стратегиясын таңдап алды. 2023 жылдағы басты міндеттер: дилерлердің сапасын жақсартып, санын көбейту, клиенттермен жұмысты жақсарту, халықаралық нарықтардағы жұмыстың сапасын жақсарту, интеллектуалды технологияларды жылжыту, бірінші сыныпты дизайн және төмендетілген шығарындылар. Жаһандық масштабта компания бүкіл екпінді үш брендке – Changan, DEEPAL, Avatr брендтеріне түсіреді.

Компания Silkway Auto Kazakhstan получила награду в Шанхае

Қазақстанда басты назар Changan брендінде сақталады. Дилерлік желіде қазіргі таңда брендтің ең танымал кроссоверлері ұсынылған, қазақстандық дистрибуция басшылығы нарыққа 8-9 млн теңге шеңберіндегі қолжетімді Changan седандарын жеткізу бойынша белсенді келіссөздер жүргізуде. Ал 2025 жылдан Алматыдағы мультибрендті зауытта үш Changan бестселлер-моделінің ұсақ торапты өндірісі басталады.

Другие новости и события

Tour of Changan Auto

Плюс 3 миллион жаңа автокөлік: Changan 2023 жылға арналған жоспарларын жариялады

CS55 PLUS ЖӘНЕ CS35 PLUS: ТАНЫСЫП ҚОЙЫҢЫЗДАР – ЖАҢА АЛМАТЫЛЫҚТАР