RU / KK

Алматыдағы Ritz Carlton қонақүйінде Changan концернінің жаңа автокөліктерінің тұсаукесері өтті. Модельдерді брендтің ресми дистрибьюторы – Silkway Auto Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) таныстырды.

Тұсаукесерге Алматыдан, Шымкенттен, Астанадан келген журналистер, автоблогерлер, жұлдыздар және пікір көшбасшылары қатысты. Кештің басты кейіпкерлері жаңа CS55 Plus және жаңартылған CS35 Plus болды!

img

Осы екі модель қазақтандық нарықта танымал SUV сегментіне жатады. CS55 Plus және CS35 Plus модельдерін үлгілі кроссоверлер деп сеніммен айтуға болады: габариттері, қуаты, «мінезі» – модельдердің ұранында айтылғандай, олар қала үшін, оның ырғағы мен «сенің өмір ырғағың» үшін жасалған.

ТМД нарығы Changan CS55 Plus моделін 2022 жылдың басынан бастап күтті, Қазақстан осы модельді де, жаңартылған CS35 Plus моделін де бірінші болып ұсынады.

CS35 Plus – ықшам, көнгіш, нақты қала қозғалысына арналған ақылды көмекшілермен жабдықталған. Модель толық жетекті, турбоайдағышы бар 1,4 литрлік қозғалтқышқа ие, 150 а.к. және 255 Нм айналдыру моментін береді, оның 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабы бар.

Дильназ Ахамадиева: «CS35 Plus визуалды, эмоционалды тұрғыдан баурап әкетеді. Ол «Алматының байырғы тұрғыны» сияқты сондай табиғи көрінеді. Оның шынайы ұраны «Алматы, мен сені сүйемін» сияқты. Бұл жаңа сыйлық-машина болады деп ойлаймын, өте романтикалық көлік!».

img

Ұйымдастырушылар автокөліктердің әсерлі пайда болуын егжей-тегжейлі таныстырумен жалғастырды. CS55 Plus дизайны мен күштік сипаттамаларының үйлесімі тудырған алғашқы әсер – ол қайсар әрі спорттық! Сәнді радиатор торы, сықсиған жарықдиодты күндізгі жүріс жарықтары, антеннадағы «акула жүзбеқанаты», 1.5T турбомоторы 181 а.к. және 280 Нм айналдыру моментін береді.

img

CS55 Plus моделі алдыңғы жетекті, қалалық автокөлікке жолсыз жерді бағындыру қажет емес, бірақ мегаполис ырғағына, сондай-ақ ондағы кептелістердің қарқынына ілесу үшін маневрлілік пен кіріктірілген интеллект маңызды болып келеді. Осы мақсатта ол smart-жүйелер кешенімен жабдықталды: жүргізушінің интеллектуалды көмекшілері жинақтамасына бейімделетін круиз-контроль, алдыңғы жақтан соқтығысу туралы ескерту және шұғыл тежеу жүйелері, қозғалыс жолағында ұстау жүйесі және 360° айнала шолу камералары кіреді.

Алексей Алексеев, «За рулем.Казахстан» бас редакторы: «Маған жаңа SUV буынының өзге мінезді көрсететіні ұнайды. «Паркеттіктер» енді «бұлшықеттерімен» ойнамайды, қозғалтқыштың қуаты мен көлемі, жетек – бәрі қалалық ортамен тиімді үйлестірілген».

img

Қонақтар автокөліктердің мультимедиалық «пакетіне» ерекше көңіл бөлді. Қазіргі әуесқой автомобильші үздік цифрлық жүйелерге үйреніп қалып, тап осы критерий бойынша жаңа модельдерді қазымырша бағалайды. Модельдердің екеуі де цифрлық аспаптар тақтасымен жабдықталған: CS35 Plus моделінде диагоналі – 7 дюйм, ал CS55 Plus моделінде – 10,25 дюйм. Мультимедиа жүйесінің сенсорлы экранының өлшемі ме керемет: CS35 Plus моделінде – 10 дюйм, ал CS55 Plus моделінде – 12,3 дюйм. CS55 Plus жинақтамасында – Pioneer аудиожүйесінің кәсіби дыбысталуы.

Changan CS55 Plus және CS35 Plus – бұл тамаша қалалық коктейль: мегаполис динамикасы, технологиялар эстетикасы және концептуалды дизайн. Бағасы да тартымды: CS35 Plus бағасы 11 290 000 теңгеден басталса, «ағасы» CS55 Plus бағасы 11 990 000 теңгеден басталады. Оған қоса, сатылымды бастау кезінде Changan Light * бағдарламасы қолжетімді – автокөліктерді 12 айға шегере отырып, 20 немесе 50 пайыз бастапқы жарнасымен сатып алуға болады.

Жаңа көліктер өз жанкүйерлерін Changan дилерлік орталықтарында күтеді!

* Changan Light кредит беру бағдарламасының қаржы операторы – MyCar Finance МҚҰ.
2021 жылғы 26 наурыздағы №02.21.0049.М лицензия, "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" РММ берген.

Другие новости и события

Астана үшін жаңа энергия: Астана көшелерінде changan электромобильдерінің кортежі жүріп өтті

Қытайлық автокөліктер: Өсу белгісінің аясында

Tour of Changan Auto