RU | KZ

Техникалық cипаттамалары

1.5T

Қозғалтқыш

7DCT

БАҚ

280

Н/М айн. моменті

181

а.к.

Ұзындығы 4550 мм
Ені 1868 мм
Биіктігі 1680 мм
Дөңгелек базасы 2650 мм

Ерекшеліктері

Changan UNI-S, Дизайн UNI-S

Дизайн UNI-S

  • Электржетекті, қысып қалудан қорғау функциясы бар люгі бар панорамалық төбе салонға жарық түсіріп, кеңдік сезімін сыйлайды.

  • Төбедегі рейлингтер автомобильдің серпінді дизайнын айқындайды.

  • Шығару жүйесінің екі жаққа орналасқан бір қатарлы келте құбырлары автомобильдің спорттық сипатын көрсетіп, оның динамикалық келбетін күшейтеді.

  • Шанақ түсіне боялған дәстүрлі есік тұтқалары автомобильдің біртұтас, премиалды келбетін қалыптастырып, жалпы стилін үйлесімді толықтырады.

  • Қаңқасыз әйнектазалағыштар алдыңғы әйнекті тыныш әрі тиімді тазартады, жинақы көрінісі автомобильдің технологиялық сипатын айқындайды.

  • Артқы аэродинамикалық спойлер жоғары жылдамдықта орнықтылықты жақсартып, автомобильге серпінді келбет береді.
Changan UNI-S, UNI-S интерьері

UNI-S интерьері

  • Салонның жұмсақ, түрлі-түсті атмосфералық жарықтандыруы жайлы орта
    қалыптастырып, автомобильдің заманауи дизайнын айқындайды.

  • Эко-былғарымен қапталған, жылытылатын көпфункциялы руль автомобиль
    жүйелерін ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді және суық мезгілде қолды жылытады.

  • Есіктер мен аспаптар тақтасының эко-былғарыдан жасалған жұмсақ аралас
    әрлеуі салонға талғампаздық беріп, жанасуға жағымды әсер қалдырады.

  • Алдыңғы 12 В ағытпа жол үстінде қосымша құрылғылар мен аксессуарларды
    қосуға мүмкіндік береді.

  • Сақтау бөлімі бар алдыңғы шынтақтаяныш қажетті заттарды қолжетімді жерде ұстауға көмектеседі

  • Жүксалғыш қалқасы ішіндегі заттарды бөгде көзден жасырады.

  • Жүксалғышты кілтпен ашу үшін кілттегі түймені екі рет басу жеткілікті — жылдам, оңай әрі ыңғайлы.
Changan UNI-S, Мультимедиа

Мультимедиа

  • 14,6 дюймдік үлкен дисплейі және 10,25 дюймдік цифрлық аспаптар тақтасы
    бар заманауи мультимедиялық жүйе әр сапарды жайлы етеді.

  • Сегіз динамиктен тұратын премиалды акустика, Apple CarPlay және Android Auto
    қолдауы, сондай-ақ дауыспен басқару автомобильмен өзара әрекеттесуді түсінікті, жағымды әрі барынша қауіпсіз етеді.

  • Мультимедиа интерфейсі қазақ тілінде қолжетімді.
Changan UNI-S, Заманауи қауіпсіздік технологиялары

Заманауи қауіпсіздік технологиялары

  • Зияткерлік қауіпсіздік жүйелерінің кешені — интеллектуалды бейімделетін
    круиз-бақылау (IACC), бетпе-бет соқтығысу туралы ескерту (FCW) және 360°
    айналаны шолу — автомобиль айналасында сенімді қорғаныс кеңістігін
    қалыптастырады. Бұл жүйелер жолдағы жағдайды бақылауға көмектесіп,
    әр сапарда сенімділік пен тыныштық сыйлайды.

  • Жаяу жүргіншілерді анықтайтын автоматты шұғыл тежеу жүйесі (AEB),
    қозғалыс жолағынан шығу туралы ескерту (LDW), қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйесі (LCS) және кептелісте қозғалу көмекшісі (TJA) біртұтас зияткерлік кешен ретінде жұмыс істейді. Олар ықтимал қауіптерді алдын ала анықтауға, қозғалыс тұрақтылығын сақтауға және қаладағы тығыз қозғалыста басқаруды ыңғайлы етуге көмектеседі.
Changan UNI-S, Динамикалық технологиялар

Динамикалық технологиялар

  • Қуатты 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш автомобильді 100 км/сағ жылдамдыққа
    9,5 секундта жеткізеді. Ал қос іліністі, 7 сатылы роботтандырылған беріліс
    қорабы (7DCT) механикалық қораптың тиімділігі мен автоматты беріліс
    қорабының жайлылығын біріктіреді. Оның басты ерекшелігі — май ортасында жұмыс істейтін қос ілініс, олар берілістердің жылдам, бірқалыпты әрі дәл ауысуын қамтамасыз етеді.

  • Жүргізу режимдерін таңдау жүйесі автомобильді көңіл күйіңіз бен жүргізу мәнеріңізге бейімдеуге мүмкіндік береді. Eco, Normal, Sport, Snow, Mud, Sand режимдерінің әрқайсысы автомобильдің мүмкіндіктерін әр қырынан ашып, рульде отырғанда жағымды әсер сыйлайды.

www.changan-auto.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.