Алматыда QJ Awards 2026 салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Екінші жыл Astana Motors құрамына кіретін Changan Kazakhstan Лиганың премиум серіктесі болып жатыр.
Төртінші маусым Freedom QJ League тарихындағы ең ауқымды маусым болды: 66 команда, 2 000-ға жуық жас футболшы қатысып, 674 матч өткізілген.
Салтанатты рәсімнің басты оқиғаларының бірі — «Қайрат» ФК-ның 17 жастағы футболшысы Дәулет Орынбасардың марапаттауы болды. Ол бірден екі номинациядан жеңіске жетті — Changan MVP of the Season («Маусымның үздік ойыншысы») және «Үздік сұрмерген».
Марапатты Changan Kazakhstan дистрибуция директоры Денис Коломацкий табыстады. Құрметті атақпен бірге Дәулет Еуропаның жетекші футбол клубтарының бірінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара барысында Changan Kazakhstan UNI-V және CS75 Plus автокөліктерімен таныстырып, номинанттар үшін CS55 Plus, CS75 Plus және UNI-V автокөліктерімен трансфер ұйымдастырды.
2025 жылдан бастап Changan Kazakhstan Freedom QJ League жас футболшыларын қолдап, дарынды спортшыларға кәсіби тұрғыдан дамуға қосымша мүмкіндіктер ұсынып келеді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Достарыңызбен бөлісу:



